Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың пасхалық Жолдауы
Аса әділ әкелер, қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар, Қазақстан жерінің тұрғындары!
Аспанда және жерде апостолдық көне және мәңгі тірі шаттық сөздер естіледі: ХРИСТОС ТІРІЛДІ!
Осы аса қуанышты, Христостың Жарқын өлімнен Тірілгенінің игілі хабарын бүкіл Әлемге даңқтаған өмір әнұранымен сіздерді шынжүректен құттықтаймын. Тек екі сөз, бырақ мұнда сенімнің мәні негізделген, үміттің беріктігі және, біз үшін керіліп шегеленген, азаптанған және жерлеген, және үшінші күні Жазба бойынша өлімнен тірілген, Құтқарушымызға деген махаббатымыздың күші. 40 күн қатарынан құтқарулы Құдай Пасхасының мерекеленуі кезінде күнделікті амандасудың орнына, біз бір-бірімізбен, Аспан мен жер алдында, жақындарымызбен алыстағыларымзыдың алдында, біздің Құдай Иеміздің бұлжымас шындығын куәландыратын, өмір беріктіретін сөздермен амандасамыз.
«Қуаныңдар!» (Мф. 28:9), – деп, өлімнен тірілген Христос адамдарға өсиет айтты. Құтқарушының сөзі тірі және әрекетті (Евр. 4:12), сондықтан ізгі хабарлық уақыттан біздің заманымызға дейін Құдай Иені жақсы көргендердің бәрі Хритостың Тірілгенімен шаттанып қуанады. Шіркеудің ұлы ұстазы әулие монах Симеон Новый Богослов былай дейді: «Христостың өлімнен Тірілгені – бұл біздің өлімнен тірілгеніміз».
Пасханың мерекесі біздің жанымызды жаңартып, бізді үмітке беріктендіреді, жергілікті өмірден басқа мәңгі өмір бар екенін, уақыт соңында Құдай «бізді Өзінің күшімен өлімнен тірілтеді» (1 Кор. 6:14) және «жақсылық істегендер тірілуге және өмірге шығады» (Ин 5:29).
Біз Христостың өлімнен Тірілгенінің шындығын куәгерлердің және Сөздің қызметкерлері (Лк.1:2) – мира тасыған әйелдердің және апостолдардың куәлігі арқылы, және қасиетті ізгі хабарлық уақиғаларды сенім көзімен қабылдаймыз. Құдай Ие өлімнен қайта тірілгеннен кейін Өзінің үйренушілеріне Иерусалимде, Сион жоғары бөлмесіне, Еммаусқа бара жатқан жолда, Тивериад теңізінде, Вифанияда, Елеон тауында бірнеше рет келді. Енді, екі мың жылдан астам уақыт өткенде, олармен бірге бізде құпиялы түрде қабірден тұрған Құтқарушыны кездестіріп, өмірдің Басшысымен жеке қатынаста бағасыз тәжірбие аламыз (Деян. 3:15). Өлімнен Тірілгенге деген берікті сенім арқылы, Құдай Иенің өлімді жеңгені, біздіңде жеңгеніміз болады, Ол Өзі куәландырып айтқандай: «Мен тірілумін және өмірмін; Маған сенгердер, қайтыс болса да, қайтып тіріледі» (Ин. 11:25). Тірілудің Жарқын уағызы бізді тек Христостың күнәні және өлімді жеңгенінің дерегіне беріктендіріп және жұбатып қоймай, бырақ сонымен қатар, әлемнің Құтқарушысы Өзінің уәде беруі бойынша бізбен бірге «барлық күндерде, ақыр заман болғанша» (Мф. 28:20) болатынын көрсетеді. Құдай Иенің Пасхасының нұр шашуында біз Құдайдың адам тарихына және Жаратушының біздің өзіміздің өмірімізге қойған ойын іске асырудағы даналы Қамқорлығын көреміз (Рим. 11:33). Айналада болып жатқан уақиғаларға Христостың өлімнен Тірілуі арқылы қарау – бүгінгі күні, адам балысы материалдық қамқорлыққа құншынып, ертеңгі күнді ойлап қорқынышқа ұшырай, басты маңызды керекті, Құдай жайында, мәңгі өлмес жаны жайында ұмытқан кезде – әсіресе маңызды. Пасха, пейіштің есігін бізге ашушы, адамдарға күнделікті өмірлік әбігерліктен шығып, адамның игілігі үшін «өлімге дейін, және кресті өлімге дейін» (Флп. 2:8) барған Құдайдың махаббатының ұлылығын сезінуге мүмкіндік береді.
«Сезімімізді тазартып, Христостың Тірілуінің пәк жарығын көреміз», – деген әулие монах Иоанн Дамаскин жазған Пасхалық канондағы сөздерді храмдарда естиміз. Құдайды тек жүрегі тазалар көре алады (Мф. 5:8). Уақыттың кезеңдері әлде басқада жағдайлар адамдарға Ізгі Хабарды естуге және Тірілудің жарығын көруге кедергі бермейді, бырақ біздің құмарлықтарымыз бен кемістіктеріміз. Сондықтан Шіркеу бізді ішкі дүниемізге мұқият зер салуымызды шақырады, ойымызды және жанымызды тазалықта ұстап, игілікке ұмытылайық. «Ерліктердің еңбегі өтіп кетті, – деп киелі епископ Иоанн Златоуст уйретеді, – бырақ игі істерге деген ынталық тоқтамау керек; ораза бітті, бырақ игі өмір қалу керек».
Елшілердің істері кітабінде былай деп жазылған: «Апостолдар ұлы күшпен Құдай Ие Иисус Христостың өлімнен Тірілгенін куәлардырды; және олардың барлықтарында ұлы нұр жауған құт береке болды» (Деян. 4:33). Біз барлығымыз – Құтқарушының үйренушілеріміз, сондықтан бізге, «Құдайдың шынымен де тірілгені» (Лк. 24:34) жайында ізгі хабарды жариалауға жоғары және игі борыш қойылған. Бір жағынан есімізге сақтайық, әулие монах авва Исаия бізге ескерткендей: «Кімнің ісі үйреткеніне сәйкес келмесе, ол бос әуре үйретеді». Керіліп және Тірілген Христосқа қарай, бізді азаптаған күнәдан бас тартайық (Евр. 12:1) және күнделікті өмірімізді сүйіспеншілікпен сүрейік, бұл апостолдың айтуы бойынша, мейірімділік танытады, қызғанбайды, мақтанбайды, ашуланбайды, өзінікін іздемейді, жалғандыққа қуанбайды, бірақ шындыққа қуанады бәрін жабады, бәріне сенеді, бәріне үміттенеді, бәріне шыдайды (1 Кор. 13:4-7). Өлімнен Тірілген Құтқарушы біздің жанымызға Оның өсиеттерімен жүруге талап берсін және ол үшін даналық пен күш берсін. Христостың Тірілгенімен шаттанып, бір-бірімізбен осы салтанаттың қуанышымен бөлісіп, қайғы кешіп, айырылуда болып жатқандарды жанымыздың жылылығымен жылытып, қайғыланғандар мен жалғыздықта болғандарға көмегімізді тигізейік, Құтқарушының сөзін есте натқы сақтап: «Сендерге шын айтам: сендер бұны менің бауырларымның біреуіне істесеңдер, онда Маған істедіңдер» (Мф. 25:40).
Барлықтарыңызды Христостың Тірілген мерекесімен құттықтап, Құдай Иенің қуанышында болуларыңа дұға етіп тілеймін, Ол бізді мәңгі өмірдің мұрагерлері болуына нұр жауған құт береке берді (Тит. 3:7), және тағы да апостолдық пасхалық әнұранды жариалаймын:
ХРИСТОС ТІРІЛДІ! – ШЫНЫМЕНДЕ ТІРІЛДІ!
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ